Қайырлы күн, құрметті қала қонақтары!
Бүгінгі № 9 жалпы орта білім беретін білім ордамызда Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне ашылып жатқан музейге қош келдіңіздер!
Қ.И.Сәтбаев КСРО ғылым академиясының алғашқы нағыз мүшесі - академик және кеңестік Шығыс ғалымдарының ішінен шыққан Ғылым Академиясы Президиуымының алғашқы мүшесі, Қазақстан Ғылым Академиясының алғашқы академигі, Ленин және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Музей тақырыбы бойынша ерекшеленетін екі залдан тұрады. Музей ҚазКСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жеке заттарымен және оның қызметі туралы материалдарымен толықты.
Музейдың бірінші залында академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне ашылып отырған музейдің төлқұжаты берілген.
Негізі: Қ.И. Сәтбаевтың атын мкетепке беру негізінде құрылған.
Қызметі: Музей экспозициясы арқылы Қ.И.Сәтбаевтың өмір жолына, еңбегі мен шығармашылығына , Қазақстанның қалыптасу тарихына қатысты жәдігерлерді жинау, зерттеу, көпшілік қауымға насихаттау.
Музей 2021 ж. география кабинетінде жабдықталған.
Қорда барлығы 170 - тен астам бірлік сақталуда. Негізгі қорда 85 бірлік, қосымша қорда 95 бірлік. Бөлімдері:
Ғылыми қор бөлімі;
Экспозиция және көрмені ұйымдастыру;
Ғылыми үгіт - насихат және экскурсиялық қызмет көрсету;
Ғылыми - әдістемелік.
Музей құрылымы (серіктестер)
Жезқазған қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи - өндірістік музейі.
Қарсақбай поселкесіндегі Қ.И.Сәтбаев музейі
Кен байыту өндірісі
Суреттерде 1936 ж. Қарсақпай байыту фабрикасы көрсетілген. Қарсақпай заводының жұмыс қарқыны байыту фабрикасымен тығыз байланысты болған. Байыту цехының бастығы, Қарсақпай комбинатының бас маманы, Иван Алеексеевич Стригин болған.
Суретте Қарсақпай байыту фабрикасы, бас корпустың флотация бөлімі көрсетілген.
Келесі суреттерде 1949 ж. Жезқазған байыту фабрикасының ірге тасының қалануы көрсетілген.
Жезқазған байыту фабрикасының бірінші директоры қызметін И.Г. Меклер атқарған.
№ 2 фабриканың негізгі корпусындағы ұнтақтау бөлімі.
Флотация бөлімі.
Орташа корпустағы ұсақтау бөлімі.
Фабриканың зерттеу лабораториясы.
Концентраттың қоюлану жүйесі және байыту фабрикасының басшылығы көрсетілген.
Жезқазған мыс қорыту зауыты
1966 жылы 10 наурызда Жезқазған мыс қорыту зауытының құрылысы басталған. Қазір осы жерде мыс қорыту зауыты орналасқан. Құрылысты бастау алған аға - бригадир Василий Пискунов. 23 ақпанда бірінші жезқазғандық катодтық мыс түсірілді. Осы күн кәсіпорын өмірінде алтын әріптермен жазылды. Қазіргі таңда бұл катодтық мыс Жезқазған қаласының Қ.И.Сәтбаев атындағы музейде сақталған. 1977 ж. құрылыс комплексінің жұмысы аяқталды. Мыс зауытың алғашқы директоры Игнатий Евгеньевич Ли болды, содан кейін қызметке Тулеген Мусаевич Абдрахманов келді. Құрылыстың аяталуы және Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысын бастаған кездегі митинг, мыс қорыту дирекциясы, электролиттік цехтың жоғарыдан түсірген көрінісі, 1970 ж. анод пештерін орнату көрінісі, балқытушылардың жұмыс барысындағы суреттері көрсетілген.
Макетте 1999 ж . Ханиса және Меиз Қаныш қыздарының Жезді кентіндегі музейдегі шағы. Бірегей музейдің негізін қалаушы, яғни директоры М. Торегельдин қызықты экскурсия жүргізуде. Қарсақпай кентіндегі Қ.И.Сәтбаев атындағы үй - музейдегі кездесу. Академиктің қыздары Ханиса және Меиз Қанышқыздарының Қарсақпайдағы өткен балалық шақтарын естеріне алып, Қарсақпайды кіндік кескен туған жеріндей санайтын қарсақпайлықтарға, әке үйіне жасалған күрделі жөңдеу жұмыстарына дән риза болып отырған кездері. Қарсақпай мыс қорыту заводындағы көрінісі.Сонымен қатар, қонақтар «Ұлытау» ұлттық тарихи - табиғи қорық мұражайында Меиз Қанышқызы жолдасы Т.Әлжановпен бейнеленген.
Суретте берілген Жасыбай, яғни Жасыбай көлінің жағасында демалыс орындары, «Баянауыл» туристік базасы, Қаныш Сәтбаев мұражайы бар. Қ.И.Сәтбаевтың туған ауылы - Айырық. Айырықта Қ.И.Сәтбаев туған - туыстарының зираты бар және суреттерден Қ.И. Сәтбаевтың ұрпақтары, ата - бабаларының зиратына келіп, тағзым еткен сәті көрсетілген.
Келесі фотосуреттерде Баянауылдағы Қ.И. Сәтбаев атындағы музей көрініс тапқан. Музейде Меиз және Ханиса Қанышқыздары музей жұмыскерлерімен, сонымен қатар, Теңдік ауылындағы музейде, Теңдік ауылында, қазіргі Қаныш ауылының мектеп жанында Қ.И.Сәтбаев құрметіне арналған ескерткіш бар. Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай жарық көрген естелік кітапта Қаныштың жерлесі, замандасы К.Салықов оның ғибратты өмірі, азаматтық келбеті, кісілік қадір - қасиеті жайында сыр шертіп, ой бөліскен.
Жезқазған өңірінде де Қаныш Сәтбаевтың туған күні елеусіз, ескерусіз қалмайды.Сол жылдардағы қала әкімі Ибадильдин Қаныш Имантайұлының қазақ халқы тарихындағы теңдесі жоқ ірі тұлға ретнде осынау даңқ тұғырына лайық екенін тебірене айтып тұрған кезі. Қ.Имантайұлына арналған ескерткіш Металлургтер алаңына орнатылып, сол кездегі облыс әкімі Есенбаев ескерткіштің ашылу салтанатымен құттықтауы, Меиз Қанышқызының Қазақмыс корпорациясына, қала жұртшылығына білдіріп жатқан жылы лебізі, жергілікті ақын З.Чумакова Қ.Сәтбаевқа арналған өлең шумақтарын оқу сәті.
«Қазақмыс» корпорациясының музейіндегі минерологиялық залында Меиз және Ханиса Қанышқыздары. Музей көрме кешеніне қонақтардың Қ.Сәтбаевтың бюст - ескерткішін табыс етуі. Қонақтардың Қ.И.Сәтбаев атындағы № 7 мектеп мұражайындағы сәті.
Жер қойнауындағы зерттеушілер
Қ.И.Сәтбаев 1926 ж. Томск технологиялық институтын бітіріп, Қарсақпайдағы «Атбастүстімет» тресіне жұмысқа жіберіледі.Атбасар тресінің бас геологы, геологиялық барлау жұмысының бастығы болып тағайындалады. Осы қызметін 1941 ж. Алматыға кеткенге дейін атқарады. Суретте Қ. И. Сәтбаев Геологиялық барлау партиясы жұмыскерлерінің ортасында;
Одан кейін Жезқазған геологиялық барлау эскпедициясын Штифанов Василий Иванович басқарады. Қаныш Сәтбаевтың ізін жалғастырушы. Көрсетілген суреттерде:
Жезқазған геологиялық барлау партиясы коллекторлық бөлімінің қызметкерлері;
Геологиялық барлау экспедициясының бас геологы Есенов әріптерсерімен;
Бақылау станогы жанында Штифанов;
Геологиялық барлау партиясының алғашқы шеберханасы;
Геологтарға судың қалай жеткізілетіні, жаңа кен орындарын ашуға аттануы, документациямен жұмыс жасауы көрсетілген сәті.
Қ.Сәтбаев бастаған ғалымдар тобы Ленин сыйлығына ие болғаны, яғни жер қойнауындағы зерттеушілердің марапатталғаны көрінеді.
70 жылдан астам уақыт аралығында Жезқазған геологтары енбегі арқасында Жезқазған кен орындарының қоры айтарлықтай ұлғайды, мыс кендері бар. Жыланды тобы мен Жаман айбат мысты кен орны нысандары ашылып, пайдалануға берілді.
Қазақстан түсті металлургиясының тұңғышы
1928 ж. 19 қазанда жаңа зауыттың пешінен Қарсақпай мысы балқытылып алынып, тарих беттерінде бұл күн алтын әріптермен жазылды. Қарсақпай мыс зауытының бірінші директоры Иван Деев. Суреттерде: Қарсақпайдағы құрылысшы - жұмыскерлердің келуі көрсетілген.
Шенеу Далабаев Қарсақпай аудандық атқару комитетінің бірінші төрағасы, көлік артелінің басқарушысы.
Қ.Жанпейсов Қарсақпай зауытының ірге тасын қалаған тұңғыш металлургтер.М. Жусупов Ленин және Қызыл Ту ордендерінің иегері, қарсақпай мысының алғашқы тоннасын жеткізуге қатысқан.
Қарсақпай зауытын 25 жыл бойына басқарған атақты металлург Қадір Маткенов және де басқа да құрметті адамдар қатары.
Қарсақпай зауыты 1975 ж. жабылғанымен, осы күнге дейін 70 жыл бұрын жанған отын сөндірмей, түсті металлургияның қара шаңырағы деген қасиетті, де киелі атқа ие болып келеді
Айта кететін, маңызды жәйт, алдарыңыздағы көрсетілген сөре(шкафтар) Қ.И.Сәтбаевтың тапсырысымен жасалған. Сонымен қатар, назарларыңызға жер қойнауынан табылған кварц (6 қырлы тау хрусталі) деп аталады және гипс(200 ден астам түрі бар), берілген осы түрі роза деп аталады.
Альбомдардан Сәтбаев қаласы кәсіпорындары мен ұйымдарының тарихы, Сәтбаев қаласының құрметті азаматтары туралы көре аласыздар.
Келесі сөрелерде Қ.Сәтбаев туралы жазылған мақалалар, зерттеу барысында жазылған хаттарды, хат алысқандарын көре аласыздар. Астынғы қатарларда, Сүтемген Тақабайұлы Бүкіров суретін көріп тұрсыздар, музей қызметкерлері «Музей ата» деп атаған, оның да мәнісі бар. Ол Жезқазған кен - металлургия комбинатының тарихи - өндірістік мұражайын ұйымдастарған. Джезқазғанцветмет ғылыми - өндірістік бірлестігі музейінің директоры болған. 1925 ж. бері Қаныш Сәтбаев жазған мақалалар мен ғылыми енбектерін қызыға, қуанышпен оқыған. 1939 ж. Қ.Сәтбаев жөнінде тұңғыш мақаласын жариялаған. Ғалымның 90 жылдығына «Біздің Қаныш Имантайұлы» деген тақырыппен жезқазғандықтарға естелік жинақтарын құрастырған. Белгілі ғалым - жазушы Ақселеу Сейдімбеков бұл кісінің туған өлкесінің тірі шежіресі болғанын, киелі де, қасиетті Ұлытау өңірінің екі ғасырлық тарихын кішкентай көкірегіне сидырған қойма, Ұлытау - Жезқазған жақтан жол іздегендерге, жоқ іздегендерге Сүтемген аға тайдырмас бағдаршам болғанын жазған.
Келесі көз алдарыңызда Никольск қаласына Сәтбаев қаласы атауын беру туралы қаулы көрсетілген. Біздің сүйікті қаламыз - Сәтбаев қаласында Қаныш Сәтбаевтың тұған күні ешбір ескерусіз, елеусіз қалмайды. Әр жыл сайын тойланып, атаулы жылдарға арнап мынадай төсбелгілер шығарылды. Сәтбаев /Жезқазған өңірлерінде Қ.Сәтбаев туралы кітаптар жарық көріп, бүгінгі күні ғалымның туған күніне арналып, мектебімізде кабинет - музей ашылып жатыр.
Сонымен қатар, назарларыңызға басқа ақын - жазушылардың М.Сәрсеке, Б. Аяпбергеновтың Қаныш Сәтбаев туралы жазған кітаптарын ұсынамыз. Қазақ халқы тарихындағы теңдесі жоқ ірі тұлға ретінде осынау даңқ тұғырына лайық екендігін тебірене жазған Медеу Сәрсекенің еңбектерін көріп отырсыздар, біз сөзбен айтқанда Мұхтар Әуезов Абай атамызды зерттегендей, М.Сәрсеке Қ.Сәтбаевты балалық шағынан бастап зерттеп, зерделеп, керемет туындылар жазған.
Назарларыңызға рақмет, бастапқы эскпозициялық залға өтулеріңізді сұраймын.
https://sat-sch9.edugov.kz/ru/muzej#sigFreeIdff87f663db