«№9жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 01.02.2021 ж. "Цифрлық әлем " ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының бірінші күнінде қашықтан 3-4 сынып оқушыларымен информатика пәні мұғалімі Тулегенова А.С. «Достық Интернет: Интернет-ғалам» бойынша қауіпсіз саяхат ережелері» интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы ақпаратпен бөлісіп,оқушылардың ақпараттық технология заманында интернетті қалай сауатты қолдануға болатыны туралы кеңес берді.Сондай- ақ «Менің қауіпсіз желім» тақырыбында 6-сынып оқушыларымен информатика пәнінің мұғалімі Болат.Ж.Б., 7-8 сынып оқушыларымен Шек Ю.С. «Правила Web воспитанности» тақырыптарында әңгіме жүргізді. Жоғары 9-сынып оқушыларымен «Желідегі киберқауіптер» атты пікір-таласты информатика мұғалімдері біріге өткізе отырып, қызу талқылаулар жүргізіп, оқушылардың желілік сауаттылықтарын дамыта түсті.
#цифрлықсауаттылық #цифровоймир#
https://sat-sch9.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/94-9zhalpy-bilim-beretin-mektebi#sigFreeId85a3166fef