«№ 9 жалпы орта білім беретін мектебі » КММ «ХХІ ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» атты оқу сауаттылығы апталығы туралы
АҚПАРАТ
Бүгін мектебімізде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 18.01-23.01 арлығында «ХХІ ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» атты оқу сауаттылығы апталығы бастау алды. 1-4 сынып жетекшілері «Бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру,оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту» мақсатында « Біз бақытты ұрпақпыз» деген тақырыпта 1,3- кезекші сыныптар эпидимиологиялық жағдайға байланысты барлық сақтық шараларын сақтай отырып оффлайн, 2,4- сыныптар онлайн сынып сағаттарын өткізді.
Оқу сауаттылығы апталығының ашылуы ұйымдастырылып, оқушыларды Отанды сүюге, өз елінің тарихын білуге, туған елін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында қазақ және орыс бөлімдерінің 5- 7-сынып сынып жетекшілері Агибаева А.Ж.,Лесова Я.В.,Болат Ж.Б.,Жанибекова Н.А.,Буранбаева Г.М. оқушыларымен «Мен елімнің ертеңімін!» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбалдина Қ.А., Агибаева А.Ж. Кезекші 5,9 сынып оқушыларымен «ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында саптық жиын оффлайн өткізілді.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбалдина Қ.А. 9-сынып оқушыларымен «Жалынды жастар - жарқын болашақ» тақырыбында бейнеролик жарнамасын жасады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кулашева Н.С. 6-сынып оқушыларымен «Мен елімнің ертеңімін!» атты видеорепортаж дайындады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Достиярова Ж.С. « Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу» мақсатымен 10 -сынып оқушылары арасында «Жаңа ғасыр жастары» деген тақырыпта ой бөлісіп,«Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөз жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын сезіне отырып, челлендж жолдады.
Апталықтың екінші күні «Оқу сауаттылығы» апталығы аясында мектепішілік жоспарға сай 2-4 сынып жетекшілері оқушылардың орфографиялық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесінен «Бестік диктант» және бастауыш сыныппен қатар оқу сауаттылығын жылдам ойлауын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Агибаева А.Ж. кезекші 5-сынып оқушыларымен ,5-7 сыныптар арасында Кулашева Н.С., Сатыбалдина К.А. 9-сынып оқушылар арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты функционалды сауаттылық дағдыларын арттыру мақсатында «KAHOOT» қосымшасын ұялы телефондарына жүктеп, әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап берді. 8-10 сынып аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Достиярова Ж.С. әр сыныптың жас ерекшелігіне сай еркін және бағдарламалық тақырыптарды қамти отырып, эссе байқауын өткізді.
Сәрсенбінің сәтінде “Оқу сауаттылыгы” апталығы аясында қашықтан оқыту негізінде 2 «А»-4”Ә” сыныптарында онлайн режимінде «Жас ұрпақтың тілін ұстартып, сөзді шапшаң айтуға үйрету, логикалық ой-өрісін , сөйлеу мәдениетін қалыптастыру» мақсатында “Жаңылтпаштан жаңылма” атты танымдық сайыста балалар түрлі жаңылтпаштарды жаттап,жаңылмай жарыса айтты.1-сыныптар арасында “Ұшқыр ой” ,“Кім тапқыр ? ”, “Алфавиттер тізбегі” кезеңдерінен ұйымдастырылған “Жұлдызды сәт” білімділер сайысына оқушылар белсене қатысты.
Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, ой өрісін дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Агибаева А.Ж. 5 «Б» сынып оқушыларымен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайыс өткізді.
Мектеп кітапханасында «Bookcrossing» кітап сөресі орналасқан. Кітап сөресіне оқушылар кітапты қоя алады және әлбетте, оның жаңа оқырмандары болып табылады. Сөремізден кез-келген кітапты алып, ал оқыған соң оны өзінің достарына немесе таныстарына оқуға бере алады. Сондай-ақ балалар өзінің оқыған кітаптарын да буккроссингке қатысу үшін әкеле алады. Дегенмен, балалар жаңа қызықты шығармалар: тарихи романдар, өлеңдер жинағы немесе детективтер әкелуі мүмкін. Буккроссинг ересектердің де , балалардың да оқуға және кітаптарға деген көзқарасын өзгертеді
Акцияның барысы: «Оқы және өзгеге ұсын!» қағидасына негізделген қарапайым әрекеттерден тұрады. Оқушылар өз кітаптарын кез келген ниет білдірушілерге оқуына қалдырады. Барлық қалдырылған кітаптар тегін. Буккроссинг – бұл кітаптарға екінші өмір берудің және сонымен қатар, бірнеше ағаштың сақталу тәсілі.
«Bookcrossing –тің » ережелері:
1.Өзіңіздің сүйікті немесе оқыған кітабыңызды сөреге қойып, достарымен бөлісіңіз.
2.Сізге ұнаған кез-келген кітапты еркін алып оқуыңызға болады. Ол үшін кітапты кітапхана арқылы тіркеудін қажеттігі жоқ.
- Кітапқа мұқият қараңыз: жыртпаңыз, беттеріне жазу жазбаңыз, қажет болса мұқабамен қаптап, желімдеп қойыңыз.
- Кітапты оқып болган соң досыңызға оқуға ұсыныс беріңіз немесе сөреге қайтадан апарып қойыңыз.
- Сөреде сенің сүйікті кітабың болмаса, – оны өзін әкеліп қос. Сіздер басқа адамдарға оқуға ұсынғыңыз келген кітаптарды таңдау үшін, үйлеріңіздегі кітапханаға жақындап әрбір сөрені қарайсыздар. Тандау жасалып болған соң, кітап «Қауіпсіз сөре» деп аталатын сөреге қойылады. Ол жерден сіз жаныңызға жақын кітапты таңдап алуыңызға да болады. Ол кітапты оқып болған соң досыңызға оқуға беріңіз немесе «Қауіпсіз сөреге» қайтадан апарып қойыңыз. Өте маңызды: Кітаптар кеңістікте саяхаттап жүреді, бір қолдан басқа қолға түседі, демек, өмір сүруді жалғастырады.
21 қаңтар күні мектеп мұғалімдерімен «Ой мен ойын» сайысы өтті. Ойынға қатысқан мұғалімдер, арнайы әдіс арқылы 3 топқа бөлінді. Ойынға қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап берді. Ұстаздарға оқытуға арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешенінің құрылымы туралы ақпараттық бейне-слайд ұсынылды. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріліп,мұғалімдер ойын соңында рефлексия және өзара бағалаумен ойынды қорытындылады.
Ақындардың шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру,
жас ұрпақты ақындардың шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбалдина Қ.А. 9 «Ә» сынып оқушыларымен апталықтың жоспарына сай «Қаңтарда туған қаламгерлер» атты дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар қаңтар айында дүниеге келген ақындардың балалық шағы және жастық шағы, өскен ортасымен таныстырылып, балалар көптеген мағлұматтар алып қана қоймай , өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына да жауаптарын таба білді..
Апталықтың бесінші күнгі жоспарына сай 2 «А», 4 «А» бастауыш сыныптарында оқушылардың тілін, қиялын, сөздік қорын, рөлдік ойындарда ойнау дағдыларын дамыту мақсатында «Ертегілер елінде» атты сахналық қойылым ұйымдастырылды. Қойылым барысында оқушылар әр түрлі ертегілерді мұғалімнің, ата-аналарының көмегімен шағын қойылым көрсетуде белсенділік танытты.
Мектебіміздің кітапханашылары Ыбырай Алтынсариннің « Өнер – білім бар жұрттар ...» кітабына атты кітабы бойынша 1-4-сынып оқушыларына арналған буктрейлер дайындады.Бейнероликті ұсыну мақсаты қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектерімен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Кітапта XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы ағартушы-демократы, педагог-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері, оқу-ағарту мәселелеріне арналған жазбалары және хаттары берілген.
Жинақта бұнымен қатар Ы. Алтынсарин жинап, «Қазақ хрес- томатиясында» жариялаған ауыз әдебиеті мұраларының кейбір үлгілері, сондай-ақ ағартушы туралы орыс достарының, әріптестерінің естеліктері орын алды.
Букттрейлермен қоса кітапханашыларымыз 5-7-сынып оқушыларын жарқын, бейнелі, қызықты фотосуреттер арқылы кітаптарды насихаттау,щқушыларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Менің отбасым және кітап» атты фотоакция өткізді.
Бұл фото акцияның барысында оқушылар және олардың отбасысы өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті. Жіберілген фотосуреттері арқылы олар өздерінің кітапқа деген сүйіспеншіліктерін көрсете алды.Осы фотоакциядан күтілетін нәтиже:отбасында кітап оқуға деген көп уақыт бөлінуі. Ата-аналардың балаларын кітапты сүюге, ғибрат алуға, кітапты құрметтеуге баулуы.
Апталықтың бесінші күнгі жоспарына сай 2 «А», 4 «А» бастауыш сыныптарында оқушылардың тілін, қиялын, сөздік қорын, рөлдік ойындарда ойнау дағдыларын дамыту мақсатында «Ертегілер елінде» атты сахналық қойылым ұйымдастырылды. Қойылым барысында оқушылар әр түрлі ертегілерді мұғалімнің, ата-аналарының көмегімен шағын қойылым көрсетуде белсенділік танытты.
Мектебіміздің кітапханашылары Ыбырай Алтынсариннің « Өнер – білім бар жұрттар ...» кітабына атты кітабы бойынша 1-4-сынып оқушыларына арналған буктрейлер дайындады.Бейнероликті ұсыну мақсаты қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектерімен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Кітапта XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы ағартушы-демократы, педагог-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері, оқу-ағарту мәселелеріне арналған жазбалары және хаттары берілген.
Жинақта бұнымен қатар Ы. Алтынсарин жинап, «Қазақ хрес- томатиясында» жариялаған ауыз әдебиеті мұраларының кейбір үлгілері, сондай-ақ ағартушы туралы орыс достарының, әріптестерінің естеліктері орын алды.
Букттрейлермен қоса кітапханашыларымыз 5-7-сынып оқушыларын жарқын, бейнелі, қызықты фотосуреттер арқылы кітаптарды насихаттау,щқушыларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Менің отбасым және кітап» атты фотоакция өткізді.
Бұл фото акцияның барысында оқушылар және олардың отбасысы өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті. Жіберілген фотосуреттері арқылы олар өздерінің кітапқа деген сүйіспеншіліктерін көрсете алды.Осы фотоакциядан күтілетін нәтиже:отбасында кітап оқуға деген көп уақыт бөлінуі. Ата-аналардың балаларын кітапты сүюге, ғибрат алуға, кітапты құрметтеуге баулуы.
Апталықтың соңғы күні мектепалды даярлық сынып бүлдіршіндері ақын, драматург Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісі бойынша түсірілген «Толағай» мультфильмін көріп ,тамашалап, ертегінің бас кейіпкері Толағайдың ерлігіне тәнті болып , жаңбырды алып келген Толағай екен ғой деп таңғалып ой бөлісті. Мультфильмнен көргеннен кейін, ертегінің бас кейіпкерінің суретін бейнеледі.Мультфильмді көріп , таудың астында қалып қойған Толағайды аяп, көңілдері босаған балалар да болды.
Балаларға арналған кино түрлерімен таныстыру,заманның ағымына қарай ой-пікірді ашық, дәлел мен дәйекті келтіре отырып нақты сөйлеу,Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында жазушы Б.Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа » повесі бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген ,1967 жылы Каан қаласында Балаларға арналған фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған фильмі «Менің атым Қожа » және «Менің де атым Қожа» киносын көріп, 5-7-сынып оқушылары арасында пікіралмасу болды.
Повесте Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.Бүгінде Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Санжар 60 жасқа толыпты, ол- ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, кинодраматург, педагог,философия ғылымдарының докторы.Қанша жылдар өтсе де бұл фильм құндылығын жоғалтпай бізден кейінгі , одан да кейінгі ұрпақтың жүрегінен орын алады деп ойлаймыз.Бұл фильмнен аға ұрпақ есейіп, кейінгі толқын да тәлім-тәрбие алуда. Бұл фильм - ұлтымыздың рухани қазынасы.Пікіралмасуда балалар ойларын ашық жеткізді және дәлел мен дәйекті келтіре отырып, нақты сөйледі. Тақырып қызық, сондықтан барлық сынып белсене қатысты.
Адам өмірінде жанұя институтының рөлі ертеден бері зерттеу пәні болып келеді. Жанұяның бірегейлігі - ең басты функциясын орындау үшін, яғни баланың өмірге келуі мен тәрбиесіне қажетті бар мүмкіндіктерімен байланысты. Жанұяда ғана баланың жеке тұлғасы қалыптасады. Оған әсер ететін басқа қоғам, әлеуметтік институттарды жанұялық тәрбие үйлестіреді. Жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында «Ата-аналардың оқыту мен тәрбиелеудегі рөлі » атты 10- сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырылды. Дебат ережесіне сәйкес жақтаушы , даттаушы болып бөлініп, мәселенің өзектілігі мен оның шешу жолдарын талқылады.
Апталық аясында өткен іс-шаралар қорытындыланып, белсене қатысқан оқушылар және түрлі сайыстарға қатысқан балалар марапатталды.