Created: 03 Ақпан 2021
15

«Менің өмірімдегі математика»

30.01.2021 ж VI күн

Бегаева А.О., Шек Ю.С.,Ченцова О.В. жетекшілігімен орыс бөлімінің математика мұғалімдері арасында «Математическая грамотность - способность человека определять и понимать роль математики в мире» атты дөңгелек үстел өтті. Мұғалімдер математикалық сауаттылық айналасындағы мәселелерді талқылай отырып, оның білім алушының болашаққа қадам басарда өмірінің бір бөлшегіне айналатынын талқылады. Сондықтан мектеп қабырғасында математика пәнінің функционалдық сауаттылыққа негізделуі ең дұрыс шешім деген пікірлерін білдірді. 2-4 сынып оқушыларының арасында (сынып жетекші Жаппасбаева Г.С.) «Математика балалар көзімен» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан суреттер көрмесі ұйымдастырылды.Кішкентай бүлдіршіндер математика туралы түсінігін суретпен жеткізді. «Мен және менің отбасым сандық көрсеткішпен» оқушылар арасындағы жобалар байқауы, «Менің өмірімдегі математика» шығармашылық жұмыстар, «Математикасыз бір күн» эссе байқауларының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімдері өткізіліп, апталық байқауларының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімдері өткізіліп, апталық қортындысы шығарылды.