27.01.2021 ж. ІІІ күн.
«Өнегелі өмір» жобасы аясында оқушылармен математика саласында табысқа жеткен маман иелері және мектеп түлектерімен кездесулер ұйымдастырылды. 4 сынып оқушылары Зум платформасында өз мектебімізді үздік бітірген Қарағанды қаласында тұратын жас кәсіпкер өзінің өмір жолындағы табысқа жеткен жетістіктері туралы оқушыларға сұхбат берді.Ол сұхбат өзінің мектептегі және қазіргі кездегі өмір жолында кездескен табыстары мен жетістіктері, еңбек жолында математикалық сауаттылық басым қолданылатыны, оның кез келген мамандықта кездесетіні туралы айтып өтті. Сұхбат соңында «Бақытын тапқан бала» ертегісін оқушылар тыңдап, талқылады. Кез келген еңбектің білімді, сауатты болсаң ғана келетінін білді.
Дүниеде өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз,- деп Абай Құнанбаев айтқандай математикалық сауаттылығының басым болуы әр адамның сауатты болып шығуы өзінің қолында екенін түсінді.
5-7 сынып оқушылары математика пәні мұғалімі Баймағанбетова А.К. ұйымдастыруымен өткен «Еңбегімен еленген ардақты ұстаз» атты онлайн-сұхбатқа қатысты.Сұхбат қонағы ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қарағанды облысы Білім басқармасының және Сәтбаев қаласы әкімінің Құрмет Грамотасы иегері, «Үздік тәлімгер» және «Стратег мұғалім» номинациясының жеңімпазы, есімі «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкері жинақ кітабына енген,44 жылдық еңбек өтілі бар ардақты ұстаз Байзакова Акнур Ахмедиевна оқушыларға математика мамандығына келу жолындағы өмір баспалдақтарымен,өнегелі өмірімен бөлісіп, математика пәнінің адам, қоғам өміріндегі рөлін оқушыларға айшықтап берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып,үлгілі ұстаздың тәлім берер әңгімесінен көп ой түйді. 8-9 сынып оқушылары математика пәні мұғалімі Бегаева А.О. ұйымдастыруымен еңбегі еленген зейнеткер ұстаз, математика пәнінің білікті маманы Гладкова Галина Николаевнамен кездесті. Кездесу оқушыларға үлкен шабыт, болашаққа бағдар сілтеді. Математика пәнінің ғылымның қай саласынан да орын алып қоймай, күнделікті өмір сүру дағдымыздың бір бөлшегі екенін оқушылар жете түсінді.
https://sat-sch9.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/87-negeli-mir#sigFreeId672e92f609