Created: 03 Ақпан 2021
20

«Ой мен ойын» сайысы өтті

Ақындардың шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру,жас ұрпақты ақындардың шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбалдина Қ.А. 9 «Ә» сынып оқушыларымен апталықтың жоспарына сай «Қаңтарда туған қаламгерлер» атты дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар қаңтар айында дүниеге келген ақындардың балалық шағы және жастық шағы, өскен ортасымен таныстырылып, балалар көптеген мағлұматтар алып қана қоймай , өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына да жауаптарын таба білді..

21 қаңтар күні мектеп мұғалімдерімен «Ой мен ойын» сайысы өтті. Ойынға қатысқан мұғалімдер, арнайы әдіс арқылы 3 топқа бөлінді. Ойынға қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап берді. Ұстаздарға оқытуға арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешенінің құрылымы туралы ақпараттық бейне-слайд ұсынылды. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, түрлі деңгейдегі тапсырмаларберіліп,мұғалімдер ойын соңында рефлексия және өзара бағалаумен ойынды қорытындылады.