«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығының төртінші күнінде «Мемлекет және құқық негіздері» квест ойынын 10-11 сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімдері Жумадильдаева Г.А.,Нысамбаева М.О. өткізді.Квест ойынының мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын,өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы,елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.Құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері,әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру.Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдылық қағидалар мен өркениеттік заңдылық ережелерін бойына сіңіру. Ата заңымыздың халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру.
Квест ойыны 4 аялдамадан тұрды. Ойынға 10-11 сынып оқушылары қатысты.
- Сұрақ –жауап.
- Өз құқығыңды біл.
- Жағдаяттық сұрақтар.
- Мақал-мәтелді толықтыр.
Оқушылар әр аялдамадағы тапсырмаларды орындай отырып , тобына ұпай жинады.Ұпай жинау мен тапсырмаларды жылдам орындаған 10- сынып оқушылары жеңіске жетті.
https://sat-sch9.edugov.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/152-memleket-zh-ne-y-negizderi#sigFreeIdf37d48cc47