Created: 10 Ақпан 2022
25

«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығының үшінші күні оқушылармен бастауыш сынып жетекшілері Баракбаева С.Ж.,Федотова Е.А "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері»

«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығының үшінші күні оқушылармен бастауыш сынып жетекшілері Баракбаева С.Ж.,Федотова Е.А "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында сынып сағаттарын, 10-11  сыныптар арасында тарих мұғалімдері Нысамбаева М.О., Жумадильдаева Г.А. «Сен және құқық» оқушылардың стартап құқықтық жобалар конкурсын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр  адамның ісі екендігін ұғындыру,ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау  қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту,оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. 10,11 сынып оқушылары Амантай Ерасыл, Слам Айнұр, Асанова Назерке, Жуасов Айдын, Капаров Бейбарыс, Тұрашбек Аружан, Жүзбай Ботагөз  өздерінің дайындаған жобаларын қорғады.Сонымен қатар оқушылар жоба бойынша өз пікірлерін ортаға салды.