Created: 10 Ақпан 2022
23

XX ғасырдың таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,

-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке,ақынның  парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай "Есіңе мені алғайсың"атты әдеби сазды кеші, мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары үшін өз шымылдығын сахналық қойылыммен ашты. Кеште ақынның өлеңдері оқылып,әнедрі де орындалды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын  сағыныштан туған  екендігіне оқушылар тағы бір көз жеткізді.  

   Мұқағали Мақатаев ол –  алты алаштың барлығына ортақ ақиық ақын. Мұқағалидың мұрасы – мәңгілік қазақ жырының мұрасы. Қазақтың күпі киген қара өлеңін шекпен жауып қайтарған қазақ поэзиясының үлкен құбылысы. Оның мұрасын ұлықтау, оның биылғы 91 жылдығын тиісті деңгейде атап өту біздің міндетіміз.