Created: 10 Ақпан 2022
27

Құқықтық навигатор

«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығының екінші күні 5-7 сынып оқушыларынан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында тест алынды. Тесті  сынып жетекшілер Аукешова Г.Б.,Шек Ю.С. ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.  8-9 сыныптар арасында «Мен және менің құқықтарым»  танымдық ойынын тарих мұғалімдері Нысамбаева М.О.,Доненко А.А. өткізді.Танымдық ойынды өткізудегі мақсат-оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, өз құқықтары мен міндеттерін білу. Ойын 5- кезеңнен тұрды:блиц -турнир,менің құқықтарым ,менің міндеттерім,сергіту сәті, жағдаятты шешу.Кезеңдерден өту арқылы оқушылар құқықтық сауаттылықтарын сынап, жағдаяттық мәселелерді шешіп үйренді