Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті мен «Қарағанды облысының балалар және жастар ұйымдарының одағы»ЖҚБ және «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі»ММ-нің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастарды тарту, өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлықты қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Сәтбаев қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығарма байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша «Жас қаламгер» номинациясының жеңімпаздарын Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Төлендина Айгүл Қосманқызы құттықтап, номинаттарға 15 000 теңге ақшалай сыйлық табыстады.
Аяшова Индира «№19 мектеп-лицейі»КММ;
Омарова Аяулым «№ 9 ЖББМ» КММ;
Колесникова Элеонора «№ 25 ЖББМ» КММ;
Қайржанова Ақниет «№3жалпы білім беретін мектебі» КММ;
Ақылбеков Әділ «№14ЖББМ»КММ;
Курикова Амина «№15 ЖББМ»КММ;
Лапонова Ангелина «№15 ЖББМ»КММ;
Байқаудың үшінші және екінші орын иегелерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Жезқазған аймағы ауданаралық басқармасының басшысы Уразбеков Анварбек Иманғалиұлы құттықтап, жеңімпаздарға 20 000 және 30 000 теңге ақшалай сыйлық табыстады.
ІІІ орын – Умурзакова Рушана «№5 ЖББМ»КММ;
ІІ орын- Батырбаев Самат «№19 мектеп-лицейі»КММ;
"Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек" тақырыбында өткен шығарма байқауының
І орын жеңімпазы– №15 жалпы білім беретін мектебінің 10- сынып оқушысы Іргебай Алуаны Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлы құттықтап, арнайы диплом және 50 000 теңге ақшалай сыйлық табыстады.
Байқау жеңімпаздары мен номинаттарын жеңістерімен құттықтаймыз!!!