17 қыркүйек "N9ЖББМ "КММ-де Өзін-өзі басқару ұйымының Президентіне үміткер болған кандидаттар арасында инстаграм және фейсбук қосымшасы арқылы дауыс беру жүргізілді. Үш үміткер кандидат болуға өтінім беріп, өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ұсынды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша,9"А"сынып оқушысы Софина Нәсіпгүл және 9"Ә" сынып оқушысы Әбдіқалық Айбибі жоғары дауыс жинап екінші кезеңге өтті. Сайлау комиссиясының отырысында екі кандидаттың сайлау алды бағдарламалары сараланып, коммиссия шешімімен 9"А" сынып оқушысы Софина Нәсіпгүл "Өзін-өзі басқару" ұйымының Президенті болып сайланды. Пример-министр болып 9"Ә"сынып оқушысы Әбдіқалық Айбибі тағайындалды. Міндеттермен бағыттар фракцияның бірінші отырысында тағайындалады.
Created: 26 Қазан 2021
28