Мектебіміздің кітапханасында оқушыларға қазақтың ұлы ұстазы, ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы жайында мағлұмат беру; Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, достыққа, ынтымаққа, елін, жерін, жұртын сүюге, ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу; Ыбырай еңбектері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру мақсатында 3 сынып оқушылары арасында "Даланың дара ұстазы" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды.