«9ЖББМ» КММ-де бүгін 17.03.2021 күні "Жеңгелер мектебі" өз жұмысын бастады. Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Ана мен бала жеңгемен қыз арасындағы тәрбиені дамыту,адамгершілік қасиеттерін Отан, тілін, қазақи салт-дәстүрлерін құрметтей білуге,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге , туыстық қатынас соның ішінде жеңгенің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Қыз баланы үлкен өмірге дайындау. Қиындықты жеңе білуге үйрету, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Жумадильдаева Г.А.құрамы 10 ата-анадан құралды.
