2021 жылдың 15-20 ақпаны аралығында барлық мектептерде "Денің сау болса барлығын аласың" тақырыбында дене шынықтыру пәнінің апталығы өткізіледі. «Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса» - деген ойдың мағынасына мән берсек, денсаулықтың қадірін кей кезде кеш біліп, соның зардабын кеш сезінеміз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді кейде ұмытып жатамыз.
Ауырмау үшін спорттың, дене қимылының адам өмірінде алар орны ерекше екені жақсы білеміз. «Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сыр берсе, онда денді сауықтыру керек» -деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы Әл-Фараби асқан білгірлікпен айтқан екен.
Апталықтың бірінші күні 15.02 күні “Дене шынықтырудан Олимпиадалық шыңдарға дейін” тақырыбында Олимпте Олимпиада алауын жағу туралы қысқаша әңгіме жүргізілді.