Created: 01 Наурыз 2021
25

Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі туралы ақпарат

Сәтбаев қаласы «№9ЖББМ» КММ   «Өзін-өзі тану»пәні оқулығының авторы С.А.Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ұйымдастырылуда.Онкүндік жоспары жасалып, іс-шаралар өткізілуде . Онкүндік жоспарына сай барлық іс-шараларға оқушылар белсене қатысуда. Іс-шаралар аясында оқушыларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау дағдыларын дамыта отырып, өз өмірі үшін қолдануға бағытталды. Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі – Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі – адам болып қалыптасуының алғы шарты. Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым- қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту осы пәннің еншісіне тиді. Бұл істе – Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан. Үлкен жүректі Ел Анасының, сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделген ойлары мен тұжырымдарының жемісін оқушылар іс-шаралар барысында танып-білуде.    

Онкүндіктің алғашқы күні онкүндіктің  ашылу салтанатымен бастау алды. Іс-шараның келесі кезеңі «Балаға жүрек жылуы»   С.А. Назарбаеваға арналған  2-10 сыныптарда тақырыптық  сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты- адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын жетілдіру, оқушыларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, өмірге, жақын адамдарға, ата-анаға,  жалпы қоршаған әлемге деген бауырмалдық, жақсылық жасауға тәрбиелеу болды.

Сондай-ақ  «Мейрім төгер анамыз»атты мектеп кітапханасында  Байтенова Р.Ш. ұйымдастыруымен Сара Алпысқызының қызметі туралы кітаптар көрмесі  ұйымдастырылды. Сара Назарбаева туралы оқушыларға мәліметтер беріліп, рухани адамгершілік тақырыбында сыр төгетін әдеби шығармалармен таныстырылды.

  

«Алтын жүректі  анамыз» ,  «Сердце наполненное любовью» атты мәнерлеп оқу  сайысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары әлеуметтік желіге орналастырылды. 2-10 сыныптар арасында «Балалар көзімен», «Как прекрасен этот мир» суреттер, ашық  хаттар көрмесі өтті.

10-сынып оқушыларының арасында «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта  презентация жасалды.

 4-5 сынып оқушыларымен өзін-өзі тану пәні мұғалімі «Қайырымдылық-жер бетінде» атты флешмоб өткізді.

Өзін-өзі тану мұғалімдері  «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Өнеге-отбасынан» атты өнегелі отбасымен кездесу өткізіп, оқушылар адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі баға жетпес байлығы екенін ұғынды. Пән мұғалімдері «Сүйіспеншілік-өмір негізі» тақырып аясында 3-10 сыныптармен ашық сабақтар өткізді.

Аптаның соңғы күні онкүндіктің жабылу салтанаты өтіп, іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Аптаның қорытындысы шығарылды.

Іс-шаралармен 700 оқушы қамтылды.Іс-шаралардың өту барысы Instagram, Facebook желілерінде жарияланды. Онкүндік  аясында  атқарылған іс-шаралар нәтижесінде оқушылар  өзін-өзі тану пәнінің мектепте өте маңызды екенін, әр  бала өзін  жастайынан  тану керек деген қорытынды жасады. Адамдарға қуаныш, махаббат беру әрдайым қажет, кез келген жағдайда, сіздің рухани әлеміңіз бай болады, ал адамдар бұдан қайырымдылыққа  үйренеді деген тұжырымға келді.